x

Құрметті ата-аналар!

Сіздің балаңыздың мектепке дейінгі ұйымға кезек статусын https://balabaqsha.bilimalmaty.kz/Common/Home/SearchInQueue
сайтынан тексеру қажеттілігі туралы хабарлаймыз.
Кезегі келгендігі туралы хабарлама алған балаларда үш жұмыс күні ішінде жолдама алу мүмкіндігі бар. Қалған орындар
төртінші күні кезекте тұрған барлық балалар үшін туған жылы бойынша қолжетімді болады.
Барлық алынған жолдамалар жолдама алынған күннен бастап есептегенде 5 жұмыс күні ішінде балабақшаның жолдамада
көрсетілген телефон нөмірі бойынша білім беру ұйымдарына жүгінуіңіз керек.
Бос орындар тізімін «Статистиканы қарап шығу» бөлімінен https://balabaqsha.bilimalmaty.kz/Common/Statistics/Free көре аласыз.
Жолдамалары бар балаларды қабылдау мектепалды топ балаларының мектепке кетуіне қарай жүзеге асырылатынын қосымша
хабарлаймыз, өйткені мектепке дейінгі мекемелер қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектепалды топ балалары
1 тамызға дейін бара алады. Balabaqsha.bilimalmaty.kz жүйесі арқылы мектепке дейінгі ұйымдарға қатысты сұрақтар бойынша (бос
орындардың болуы, кезекке қою, жолдама беру, жеке кабинетке кіру және т. б.)
Call-орталыққа мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 1308, +7 (727) 338-33-88.
Техникалық сұрақтар бойынша: +7 (771) 030-17-48 (WhatsApp/қоңыраулар)
жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін (13:00-ден 14:00-ге дейін - түскі уақыт).
Назар аударыңыз! 2024 жылдың 7 қазанынан бастап Алматы қаласы, Алатау ауданы, Арқалық көшесі №65 үй мекен жайы бойынша
орналасқан «№197 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК мемлекеттік тілде оқытатын 8 топқа толымдау үрдісі басталады:
2022 жылы туылған балалар үшін 1 кіші топ – 20 бала қабылданады;
2021 жылы туылған балалар үшін 3 ортаңғы топ – 75 бала қабылданады;
2020 жылы туылған балалар үшін 3 ересектер тобы – 72 бала қабылданады;
2019 жылы туылған балалар үшін 1 мектепалды даярлық топ – 25 бала қабылданады;
1)Бұл орындар сейсенбі күні 08.10.2024 ж. таңғы 7:00-ден бастап кезегі келген балаларға ашық болады.
2)Қалған орындар (бар болған жағдайда) жұма күні 11.10.2024 ж. таңғы 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады.
Назар аударыңыз! 2024 жылдың 21 қазанынан бастап Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Стахановская 19А мекенжайы бойынша орналасқан
«№70 арнайы бөбекжай-балабақша» КММ күрделі жөндеу жұмыстарынан соң қазақ және орыс тілдерінде
білім беретін топтарына бала қабылдайды.
2022 жылы туылған сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін қазақ тілінде оқыту тобы – 12 орын;
2022 жылы туылған сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін орыс тілінде оқыту тобы – 12 орын;
2021 жылы туылған сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін қазақ тілінде оқыту тобы – 12 орын;
2020 жылы туылған сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін орыс тілінде оқыту тобы – 12 орын;
2019 жылы туылған сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін қазақ тілінде оқыту тобы – 7 орын;
2021 жылы туылған ақыл-ойында бұзылыстары бар балалар үшін орыс тілінде оқыту тобы – 10 орын;
2020 жылы туылған ақыл-ойында бұзылыстары бар балалар үшін қазақ тілінде оқыту тобы – 10 орын;
2019 жылы туылған ақыл-ойында бұзылыстары бар балалар үшін орыс тілінде оқыту тобы – 3 орын;
1)Бұл орындар сейсенбі күні 22.10.2024 ж. таңғы 7:00-ден бастап кезегі келген балаларға ашық болады.
2)Қалған орындар (бар болған жағдайда) жұма күні 25.10.2024 ж. таңғы 6:57-ден бастап бос таңдауға шығады.